Әскери-патриоттық ән байқауы

2019 жылы 4 мамырда ҚР Қарулы Күштері Күніне арналған әскери-патриоттық әндер байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты-өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін, өз Отанын қорғауға ұмтылған адамдардың бар екендігіне мақтаныш сезімін дарыту және бекіту.

Байқауға 6 топ қатысты, олар Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әндерді, әскери-тарихи кинофильмдерден музыкалық композицияларды орындады.

Барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен және тәтті сыйлықтармен марапатталды. Байқау бесінші рет өткізіліп отыр, қатысушылар мен ниет білдірушілер саны жыл сайын артып келеді.

Пікір үстеу