Студенттік дебат турнирі

19 наурызда бірінші курс студенттерінің командасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері» атты облыстық студенттік дебат турниріне қатысты.

«NOMAD» командасының құрамына Аверина Валерия, Рамазан Ертай, Дорошенко Даниил және Усик Егор кірді.

Турнир онлайн режимде өтті. Бірінші кезеңде команда «Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы үш негізгі жетістігі»тақырыбы бойынша бейнеролик ұсынды. Аталған роликтің жоғары бағасы командаға екінші кезеңге өтуге және «Қазақстан тарихының білгірлері»онлайн викторинасына қатысуға мүмкіндік берді.

Дебаттық турнирдің екі кезеңінің қорытындысы бойынша «NOMAD» командасы үшінші орынға ие болды. Балаларды жеңісімен құттықтаймыз!