«Майдан жолы» Павлодар іздестіру жасағы

Павлодарлық «Майдан жолы» іздестіру зерттеу жасағы Павлодар жоғары Басқару колледжінің студенттерімен және оқытушыларымен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты-Ұлы Отан соғысы жылдарында жоғалып кеткен концлагерь тұтқындары мен әскери қызметшілердің тағдыры мен жерлеу орындарын іздеу мақсатында жастардың волонтерлік іздестіру-зерттеу қозғалысын қалыптастыру.
«Майдан жолы» іздеу жасағының командирі Александр Шитов студенттерге іздеу жасағының қызметі, жоспарлары мен перспективалары туралы, отан қорғаушыларды еске алуға және мәңгі есте сақтауға, өз аймағындағы тарихи оқиғаларды қалпына келтіруге, ұрпақтар сабақтастығын дамытуға қатысу арқылы жасөспірімдерді дамыту мен тәрбиелеудің маңыздылығы туралы айтып берді.

Сондай-ақ, бүгін фашистердің опасыздықпен шабуыл жасаған күні қалдықтарды тапсыру рәсімі өтті. Жауынгер Емберген Асайновтың қалдықтары. Экспедициялар «Батырлар жолымен-Дорогой славы»халықаралық жобасы аясында өтуде. Павлодарлық «Майдан жолы» іздестіру жасағы сүйектерді қабылдап, Қызылорда облысына барып, туған-туысқандарына тапсырады.

Кездесу қорытындысы бойынша Ұлы Отан соғысының тарихын тереңірек білуге және Қазақстанның іздестіру қозғалысының қатысушысы болуға тілек білдірушілер қатарынан Павлодар жоғары Басқару колледжінің бір топ студенттері құрылатыны анықталды.