ҚР ТОП 100 студенті

Тағы да ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП – 100 студенті» республикалық жобасын іске қосады. Конкурс 3 кезеңде өтеді: ішкі, аймақтық және республикалық.

Жоба дарынды жастарды қолдауға, жұмысшы біліктіліктерін, студенттік өзін-өзі басқару көшбасшыларын, «WorldSkills» халықаралық чемпионатының, олимпиадалардың, спорттық жарыстардың, инновациялық идеялар конкурстары мен стартап-жобалардың жеңімпаздарын танымал етуге бағытталған. Үздік студент-талантты адам, ал конкурстарға қатысу жастардың болашақ мамандығына, оның әлеуметтік маңыздылығына, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге және жеке өсуіне деген қызығушылығын арттырады. Барлық бастамалар сәтті аяқталсын!