«Yoproject» Start – Up байқауы

Жас кәсіпкерлердің әлеуметтік маңызды бизнес-бастамаларын қолдау, жастар ортасында тиімді өмірлік стратегия ретінде кәсіпкерліктің оң бейнесін танымал ету мақсатында 2021 жылғы 26 қазанда «Павлодар облысы Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ базасында «YoProject» облыстық Start – Up байқауы өтті. Жобаларға қойылатын негізгі талаптар: шешімдердің жаңалығы, жобаны ілгерілету бойынша әлеует пен іс-қимыл жоспарының болуы, өнімнің өміршеңдігі. Павлодар жоғары Басқару колледжінің студенті (ВТ – 24 тобы) Могер Иван Алексеевич оқытушы Зорина Евгения Жомартқызының жетекшілігімен Құрметті 1 орынға ие болды. «PET-Mager» байқау жобасы (пластикалық PET-бөтелкелерді екінші рет пайдалану, аддитивті қызметтерді ұсыну) стартап-жобалар арасында үздік болды, жеңімпаз дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Байланыстар:
140005 г. Павлодар, 🧭ул. Мира 18/1
☎️8(7182)535881+77057071180
📩pavlpku@bk.ru
💻www.pku.kz
📲@pavlpku