Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысқа үлкен үлес қосқан тұлғалармен кездесу

Бүгін ИНЕУ жоғары колледжінің базасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысына үлкен үлес қосқан тұлғалармен кездесу өтті. Аталған іс-шараға колледжіміздің «саналы ұрпақ» студенттік клубының мүшелері қатысты.

Балаларға мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаларды қалай жүзеге асыратыны туралы айтылды. Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.