Көптілдік

«Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кемі үштілді болуы, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруі тиіс»

Н.Ə.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында сөйлеген сөзі.

Қазіргі көптілді және мультимәдениетті әлемде, тіл саясаты саласындағы қоғамның бірігуіне ықпал ететін тиімді және өміршең шешімдер сұранысқа ие.Қазақстанда Тілдердің үштұғырлығы идеясын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алғаш рет 2004 жылы жариялады, кейіннен оған бірнеше рет қайта оралуда.2007 жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында ол «Тілдердің үштұғырлығы»мәдени жобасын кезең-кезеңмен іске асыруға кірісуді ұсынды. Бұл республиканың жаңа тіл саясатының басы болды.

«Павлодар жоғары басқару колледжі» ЖМ ББҰ-дағы көптілді білім беру бағдарламасы үш тіл мен мәдениеттің қиылысу негізінде құрылады және жалпы білім беру мен арнайы пәндер сабақтарында алынған кәсіби білім негізінде мемлекеттік, ағылшын, орыс тілдерін тереңдетіп оқытуға ықпал етеді.

ТжКБ жүйесінде көптілді білім беруді дамытудың жол картасы 2018-2020
2018-2022 жылдарға арналған Павлодар облысының ТжКБ көптілді білім беру бағдарламасы
«Павлодар жоғары басқару колледжі» ЖМ ББҰ-да көптілді білім беру бағдарламасы