Қабылдау ережелері

Павлодар жоғары Басқару колледжіне

 2020-2021 оқу жылына қабылдау ережелері

 

1.Жалпы ережелер

1. Осы 2021-2022 оқу жылына Павлодар жоғары колледжіне оқуға қабылдау қағидалары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына (31.03.2021 ж.жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен), Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 12.05.2020 жылғы № 197 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары негізінде оқуға қабылдау тәртібін белгілейді.

Павлодар жоғары басқару колледжі 2021-2022 оқу жылына мамандықтар бойынша білім алушыларды қабылдауды жүзеге асырады:

        04110100 – Есеп және аудит;

        06120100 – Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша);

        06120200 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері;

        06130100 – Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша);

        1317000 – Өндірістің адитивті  технологиялары;

        07140500 – Сандық техника (түрлері бойынша).

* ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді даярлау мүмкін мамандықтар

2. Павлодар жоғары басқару колледжіне негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ білім туралы құжатымен (куәлік, аттестат) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар қабылданады.

ТиКББ ұйымдарына оқуға түсу кезінде «Білім туралы»Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 8-тармағында айқындалған адамдарды қабылдау квотасы көзделеді.

Қабылдау квотасының мөлшері «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысымен (бұдан әрі – № 264 қаулы) бекітілген.

2. Оқуға қабылдау тәртібі

1. Павлодар жоғары басқару колледжіне азаматтардың оқуға өтініштерін қабылдау және білім алушылар құрамына қабылдау үшін ПЖБК директорының 2021 жылғы 01 маусымдағы № 2-01/45 бұйрығымен бекітілген қабылдау комиссиясы құрылды, ол өз жұмысын 2021 жылғы 1 маусымда бастайды.

2. Оқуға түсушілерді қабылдау нәтижелері туралы ақпарат ақпараттық стендте және колледж сайтында орналастыру арқылы оқуға түсушілердің назарына 31 тамызға дейін күндізгі оқу нысанына, 30 қыркүйекке дейін сырттай оқу нысанына жеткізіледі.

3. Павлодар жоғары басқару колледжіне оқуға тұлғалардың өтініштерін қабылдау:

1) орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына: мемлекеттік тапсырыс бойынша күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 18 тамызы аралығында негізгі орта білім беру базасында, күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 тамызы аралығында жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру базасында, ақылы негізде күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығында, оқудың сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі.

4. Оқуға түсушілер Павлодар жоғары басқару колледжіне оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың түпнұсқасын қоса береді, көлемі 3х4 см, 4 дана фотосурет; «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 075-У нысанындағы медициналық анықтама, І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала кезінен мүгедектер үшін 031-У нысаны бойынша Медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген); жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.

Олар үшін білім беру ұйымдарына оқуға түсетін адамдар

қабылдау квотасы қарастырылған, тиісті құжат 2021 жылдың 25 тамызына дейін колледждің қабылдау комиссиясына ұсынылады.

Павлодар жоғары басқару колледжінің қабылдау комиссиясы 2021 жылдың 20 маусымынан бастап колледж сайтында орташа конкурстық балды көрсете отырып, қабылдау квотасы көзделген талапкерлер мен тұлғалардың тізімдік құрамын қалыптастырады және оны күнделікті жаңартуды қамтамасыз етеді.

5. Оқуға түсушілерден түскен өтініштер тіркеу журналдарына тіркеледі

оқыту нысандары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары.

6. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарды оқуға қабылдау медициналық-әлеуметтік сараптаманың (медициналық анықтаманың) ұсынымдары мен қарсы көрсетілімдері ескеріле отырып, мамандықтар мен біліктіліктерде жүзеге асырылады.

7. Орта буын маманының және қолданбалы бакалаврдың біліктіліктері бойынша конкурсқа бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру базасында оқуға түсуші тұлғалар, сондай-ақ білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған тұлғалар қатысады.

Конкурсқа қатысу үшін оқуға түсушілер негізгі орта білім беру базасында Білім басқармасының ақпараттық жүйесіне 2021 жылғы 18 тамызға дейін, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру базасында 2021 жылғы 20 тамызға дейін қабылдаудың үлгілік қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес өтініш береді.

Конкурсқа өтініш берген кезде оқуға түсушілер облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары бекіткен төрт мамандыққа, біліктілікке (қажет болған жағдайда), ТжКББ-дан кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі комиссия бекіткен ТжҚББ-ның төрт ұйымына дейін, оқыту тілін (қазақ, орыс, ағылшын), білім деңгейін таңдайды және білім басқармасының конкурс өткізу жөніндегі бірыңғай нұсқаулығымен танысады.

Қабылдау комиссиясының техникалық хатшылары өтініш берген адамдарды мамандығы, біліктілігі көрсетілген білім басқармасының ақпараттық жүйесінде 2021 жылғы 26 тамызға дейін тіркейді.

Конкурсты білім туралы құжатқа сәйкес, сондай-ақ қабылдау квотасын ескере отырып, талапкерлерді міндетті және бейінді пәндердің орташа конкурстық балына автоматты түрде бөлу арқылы білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесі өткізеді.

Талапкерлерді автоматты түрде таратуды білім басқармасы анықтаған ақпараттық жүйе жүзеге асырады.

8. Мемлекеттік тапсырыс бойынша негізгі орта білім базасында оқуға түсушілер арасында Конкурс 2021 жылғы 19-22 тамыз аралығында, ақылы негізде – 2021 жылғы 26-28 тамыз аралығында, жалпы орта білім беру, ТжКБ базасында – 2021 жылғы 22-25 тамыз аралығында, ақылы негізде – 2021 жылғы 26-28 тамыз аралығында өткізіледі.

9. Арнайы және/немесе шығармашылық емтихандардың, сондай-ақ психометриялық тестілеудің, әңгімелесудің нәтижелерін бағалау кезінде бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және Даулы мәселелерді шешу мақсатында оқуға түсушілердің құқықтарын қорғау жөніндегі ІБҚ директорының 2021 жылғы 01 маусымдағы № 2-01/46 бұйрығымен бекітілген апелляциялық комиссия құрылды. Емтихан нәтижелерімен келіспеген тұлға апелляцияға өтініш береді. Апелляцияға өтініш емтихан нәтижелері жарияланғаннан кейін апелляциялық комиссияға келесі күні сағат 13.00-ге дейін беріледі және апелляциялық комиссия өтініш берген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің қатысуымен қарайды.

Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа қатысушылардың көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда апелляциялық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және апелляциялық комиссияның барлық мүшелерінің қолдары қойылған хаттамалармен ресімделеді.

3. Білім алушылар құрамына қабылдау

1. Орта буын, қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау ТжКБ ұйымы басшысының бұйрығымен қабылдау комиссиясы отырысының хаттамасы негізінде жүргізіледі:

1) оқудың күндізгі нысанына – күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін;

2) оқудың кешкі және сырттай нысанына – күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегі аралығында өткізіледі.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларды оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 646 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17800 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

2. Қабылдау комиссиялары оқуға түсушілерді қабылдау нәтижелері туралы ақпаратты орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін, білікті жұмысшы кадрларды даярлау – күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін ақпараттық стенділерге немесе ТжКБ ұйымының интернет – ресурстарына орналастыру арқылы жеткізеді.

3. Осы қағидалармен регламенттелмеген мәселелерді Павлодар жоғары басқару колледжінің қабылдау комиссиясы дербес шешеді.