Марапаттар

2010 жылы колледж «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясының күміс жүлдегері және «Парыз» конкурсының лауреаты атанды. Байқау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, «Атамекен Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы және ҚР Кәсіподақтар Федерациясымен.ұйымдастырылған.

2014 жылы колледж «Алтын сапа» ұлттық конкурсына «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» номинациясына қатысып, Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының Алғыс хатымен және «Алтын сапа» Алтын белгісімен марапатталды.

 

2015 жылдың желтоқсан айында «Павлодар басқару колледжі» ЖМ ББҰ «Сала көшбасшысы 2015» құрметті атағын беру туралы Ұлттық сертификат алды (Ресей, Украина, Белоруссия, Әзірбайжан және Қазақстан Республикасы елдерінің шаруашылық қызмет субъектілерінің толық тізбесін саралау нәтижелеріне сәйкес).

2016 жылдың қазан айында ҚР Ұлттық бизнес-рейтинг ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша Павлодар Басқару Колледжі «Білім беру мақтанышы 2016» атағынмен Павлодар облысында алтынға ие болды (Орта арнайы білім). Директор А.П.Старина «Жыл жетекшісі 2016» Ұлттық сертификатымен марапатталды.

2016 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Павлодар басқару колледжі «Іскер» арнайы сыйлығының номинанты және ҚР Президентінің «Алтын Сапа»сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімінде марапатталғандар қатарына енген жалғыз оқу орны болды.

Біздің колледж «Қазақстанның үздік кәсіпорны 2022» атағына ие болды
Сыйлықты тек бір компания өзінің нарық сегментінде алады. «Сапа жұлдызы» мәртебесі Қазақстанның ғана емес, әлемнің жетекші компанияларында да бар.
Іріктеу әдістемесі ашық көздерден алынған ресми деректерге негізделген. Есептеу үшін міндетті қаржылық есептіліктің экономикалық көрсеткіштері, веб-ресурстарды талдау және тұтынушының желідегі компания туралы пікірлері алынады.
Бұл ұлттық рейтинг бүкіл Қазақстан бойынша кәсіпорындарды қамтиды.