21 мамырда біздің студенттер «сен жалғыз емессің»Қоғамдық Қоры ұйымдастырған іс-шараға белсенді қатысты.
Іс-шара «Мәдениет және демалыс»қалалық саябағында өтті. Балалар Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне арналған акцияға қызығушылықпен қатысты, викторинадағы сұрақтарға жауап берді және естелік сыйлықтар алды, сондай-ақ өздерінің және жақындарының денсаулығын қалай қорғау керектігін білді.