27.09 Бірінші курс студенттеріне арналған ата-аналар жиналысы

27 қыркүйекте бірінші курстың барлық топтары үшін ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар колледж Жарғысымен, ішкі тәртіппен, сондай-ақ «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асырумен танысты. Сондай-ақ, балалардың қауіпсіздігі, әсіресе әлеуметтік желілерде, нашақорлықтың алдын алу мәселелері қозғалды. Жиналысқа кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі туралы айтып, ата-аналардың сұрақтарына жауап берген ювеналды полицияның аға инспекторы И.С. Емцова да қатысты.