Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу

ҚР Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қаржы мониторингі агенттігінің құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу жұмыстары аясында тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі майор Е.Б. Закиев экономикалық қылмыстарға арналған құқықтық сағат өткізді.

Ернұл Болатұлы балаларға тамшылау, қаржы пирамидалары, лудомания сияқты жалпы проблемалар туралы айтып берді. Алаяқтардың құрбаны болмау туралы кеңестер берді, ойланбаған әрекеттерден сақтандырды.