«IT-болашақ маманы» I облыстық олимпиадасы

17 қаңтарда Павлодар жоғары басқару колледжінде Павлодар облысы білім беру басқармасының қолдауымен 9 сынып оқушылары үшін «IT-болашақ маманы» I облыстық олимпиадасы өтті.
Олимпиада дарынды жастардың шығармашылық қабілеттерін және ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту; ғылыми білімді насихаттау; дарынды білім алушыларды интеллектуалдық дамыту және қолдау үшін жағдай жасау; жастарға кәсіби бағдар беруге және одан әрі оқыту үшін оқу орнын таңдауға көмек көрсету мақсатында өткізілді. Олимпиада информатика және математика бойынша білім деңгейін анықтау үшін компьютерлік тестілеу түрінде өтті.
Іс-шара барысында 9 сынып оқушылары мен олардың жетекшілері үшін «DIY робототехника» және «3D үлгілеу және прототиптеу», Workshop «жобалық робототехника құпиялары»мастер-класстар өткізілді.
Олимпиада қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
1 дәрежелі Диплом

Вакулина Диана-гимназиялық сыныптары бар инновациялық үлгідегі №39 жалпы орта білім беретін бейіндік мектебі
2 дәрежелі Диплом
Малютин Александр – № 26 Жалпы орта білім беретін мектеп
Дарья Березина-инновациялық үлгідегі № 34 жалпы орта білім беру мектебі
Камышкенов Даниял-гимназиялық сыныптары бар инновациялық үлгідегі №39 жалпы орта білім беретін бейіндік мектебі
Туркуляк Максим – № 9 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназия
Билялов Данияр-Б. Момышұлы жалпы орта білім беретін мектебі
Былинина Алина-модульдік үлгідегі №11 жалпы орта білім беретін бейіндік мектебі
Гаас Алекс – № 13 жалпы орта білім беру мектебі
3 дәрежелі Диплом
Маркин Никита – № 9 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназия
Путинцев Иван – № 34 инновациялық үлгідегі жалпы орта білім беру мектебі
Шестаков Дмитрий – № 17 жалпы орта білім беретін саралап оқыту бейіндік мектебі
Қайрат Дінмұхамед-дарынды балаларға арналған №3 Гимназия
Қожабергенов Думан-Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді сонымен қатар оларды дайындаған оқытушыларды құттықтаймыз,
Олимпиаданы ұйымдастыруға және өткізуге қатысқандарына үлкен рахмет!