Жауынгерлік жекпе-жектен облыстың ашық чемпионаты – «NOMAD MMM»

Павлодарда жекпе – жектен облыстың ашық чемпионаты – «NOMAD MMM»өтті. Қатысушылар 14-17 жас аралығындағы ұлдар болды.

16-17 жас аралығындағы боксшылар арасында «алтынды» біздің колледждің екінші курс студенті Нұрғазинов Әлібек жеңіп алды.

Қазіргі уақытта балалар Қазақстан чемпионатына дайындалуда.

Чемпиондар бес жылдан астам уақыт жаттығады, олар бірнеше рет облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда жеңіске жетті.