Олимпиада

Бүгінгі таңда студенттердің өздерін танытып, жаңа биіктерді сенімді түрде бағындыруға көптеген мүмкіндіктерді бар. Көптілді олимпиадаға қатысу мемлекеттік және шет тілдерін тереңдетіп оқуға деген ынтаны арттырады, студенттердің коммуникативтік құзыреттілігін, шығармашылық әлеулетін дамытады және одан әрі мансаптық өсу үшін қосымша мүмкіндік береді.
2026 жылдың 30 сәуірінде ВТ-21 тобының студенті Аниса Насрединова Павлодар облысындағы колледж студенттері арасында «Цифрландыру дәуіріндегі көптілдік» ХІ-ші аймақтық көптілді олимпиадаға қатысты. Бұл құнды алғашқы тәжірибе болды, себебі тілдер болашаққа жол ашады және үлкен жетістікке негіз бола алады.