Қазіргі география тек сипаттамалық ғылым болудан қалды. География және ақпараттық технологиялар ынтымақтастығы адамзаттың жаһандық мәселелерін тиімді шеше алатын болашақ мамандардың жаңа буынын қалыптастырады. Біздің колледжде география сабақтарында студенттер графикалық редакторлар мен бағдарламаларды қолдана отырып, ғылыми жобалар, стендтік есептер, туристік буклеттер құруды үйренеді — бұл академиялық білім қолданбалы цифрлық дағдылармен араласып, Нard Skills-ті дамытатын конвергентті оқытудың тамаша мысалы. Сайып келгенде, қызықсыз рефераттың орнына студент портфолио алады — бұл оның ақпаратты тартымды интеллектуалды өнімге айналдыру қабілетін айқын көрсетеді.


