«Жұмыс берушілер күніне» орайластырылған әлеуметтік әріптестерімізбен кездесу

Жақында біздің колледжде «жұмыс берушілер күніне»орайластырылған әлеуметтік серіктестерімізбен кездесу өтті.

Біз бұл іс-шараны диалог алаңы форматында өткіздік, онда колледжіміздің болашақ түлектері өзекті сұрақтар қоя алды, ал жұмыс берушілер өз тәжірибелерімен бөлісті.

Біз үнемі ынтымақтасатын әлеуметтік серіктестерімізді шақырдық. Олардың ішінде: «Эда-СВ» ЖШС, «DVS» ЖШС, «IQS Engineering» ЖШС, «Добрая домашка»ЖШС.

Бұл іс-шаралар кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша одан әрі және тиімді ынтымақтастық үшін жүргізіледі.